Астанада жас көшбасшылар байқауының финалы 20 қарашада өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жас көшбасшылар байқауының финалы 20 қарашада өтеді

Астанада жас көшбасшылар байқауының финалы 20 қарашада өтеді

Жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары арасындағы көшбасшылар байқауының бірінші кезеңі 15 қазаннан 1 қарашаға дейін өтті, деп хабарлады astana.kz сайты.

  • 8 Қараша 2012
  • 396
Фото - Caravan.kz

Оған 300-ден астам талапкер жас астаналық қатысты. Алайда, финалға 20 үздік қатысушы іріктелді. Финалдық кезең 20 қарашада Оқушылар сарайында өтіп, сол кезде жеңімпаз анықталады. Байқаудың финалына өткен 20 оқушыны естен кетпес сыйлық күтіп тұр. Оларды 1 желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қабылдайды.

Өткізілген іс-шараның басты мақсаты — жеткіншек ұрпақтың бойында көшбасшылық қабілетті тәрбиелеп, білімділікті кеңінен таныту мен отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.

Соңғы жаңалықтар