Астанада «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі болады

Астанада «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі болады

16 қарашада елордалық «Сарыарқа» велотрегінің аренасында «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі өтеді, деп хабарлады велотректің баспасөз қызметі.

  • 12 Қараша 2012
  • 608
Фото - Caravan.kz

Съезд жұмысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуы күтілуде.

«Жас Отан» — «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының жастар қанаты, ол 2008 жылғы 14 мамырда Астанада ұйымның І съезінде қоғамдық бірлестік нысанында құрылды. Оның елдің барлық облыстарында филиалдары, сондай-ақ аудандық және қалалық деңгейде бөлімшелері бар.

«Жастар — Отанға!», «Жастар кадрлық резерві», «Еркін пікір», «Дипломмен — ауылға!», «Қазақша сөйлесейік!» — бұлар «Жас Отан» мүшелерінің, жас мамандарының жасаған арнайы жобаларының атаулары. Осы барлық жобалар дерлік ел аумағында сәтімен жүзеге асырылуда, алайда «жасотандықтар» мұнымен тоқырап қалмақ емес.

Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмалары «Жас Отан» ЖҚ ІІ съезі құжаттарында, «Нұр Отан» ХДП Халықтық-демократиялық партиясының 2020 жылға дейінгі бағдарламасында, Президенттің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрініс тапқан.

Ел жастарын мемлекеттік-патриоттық негізде біріктіруді қамтамасыз ету, жастардың «Нұр Отан» партиясына сенімі деңгейін арттыру жөніндегі кешенді шараларды жасау, жастар арасында ел Президентінің беделін нығайту — міне, осы мәселелер «Жас Отан» ЖҚ ІІ съезінде талқыланатын басты тақырыптар болмақ.

Толығырақ ақпарат — www.zhasotan.kz сайтында.

Соңғы жаңалықтар