Жарияланды: 320

Астанада «Жас сарапшы-2012» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді

29 қарашасда Астана қаласында қазақстандық ЖОО-ның экономикалық мамандық бойынша білім алып жатқан 3-4 курс студенттерінің арасында ғылыми-зерттеушілік және талдамалық іс-әрекеттерін ынталандыру мақсатында өткен «Жас сарапшы-2012» республикалық байқауының жеңімпаздарын ресми түрде марапаттау салтанаты өтеді.

Бұл туралы «Болашақ» қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады. «Жас сарапшы-2012» республикалық байқауы қазан айының басында жарияланып, байқауға қатысуға республиканың түкпір-түкпірінен барлығы 234 студент тілек білдірді. Екі кезеңнен кейін, олардың ішінде бірінші кезеңнің қорытындысымен экономикалық тақырыпта эссе жазу, ал екіншісі - кейс-тапсырмаларды шешуде жақсы нәтиже көрсеткен 11 студент елордаға әңгімелесуге шақырылды. Олардың ішінде байқау комиссиясымен әңгімелесудің қорытындысы бойынша үш жеңімпаз анықталды. Жеңімпаздар соңғы үлгідегі гаджеттермен қоса, ең бастысы - «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да сараптамадан өтуге мүмкін алады. Шараға байқау жеңімпаздары, «Болашақ» қауымдастығының басшылығы, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін