Астанада «Жас сарапшы-2012» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.57
  • 612.78
+29 °C
Алматы
2025 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Жас сарапшы-2012» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді

Астанада «Жас сарапшы-2012» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді

29 қарашасда Астана қаласында қазақстандық ЖОО-ның экономикалық мамандық бойынша білім алып жатқан 3-4 курс студенттерінің арасында ғылыми-зерттеушілік және талдамалық іс-әрекеттерін ынталандыру мақсатында өткен «Жас сарапшы-2012» республикалық байқауының жеңімпаздарын ресми түрде марапаттау салтанаты өтеді.

  • 29 Қараша 2012
  • 301
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Болашақ» қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.

«Жас сарапшы-2012» республикалық байқауы қазан айының басында жарияланып, байқауға қатысуға республиканың түкпір-түкпірінен барлығы 234 студент тілек білдірді. Екі кезеңнен кейін, олардың ішінде бірінші кезеңнің қорытындысымен экономикалық тақырыпта эссе жазу, ал екіншісі — кейс-тапсырмаларды шешуде жақсы нәтиже көрсеткен 11 студент елордаға әңгімелесуге шақырылды. Олардың ішінде байқау комиссиясымен әңгімелесудің қорытындысы бойынша үш жеңімпаз анықталды.

Жеңімпаздар соңғы үлгідегі гаджеттермен қоса, ең бастысы — «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да сараптамадан өтуге мүмкін алады.

Шараға байқау жеңімпаздары, «Болашақ» қауымдастығының басшылығы, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары қатысады.