"Астанада "Жасөспірім" шұғыл алдын алу іс-шарасын өткізген екі күнде тәртіп сақшылары 235 жасөспірімді ұстады, соның ішінде екі бала басқаның мүлкін ұрлағаны үшін, екеуі - бұзақылығы үшін, 54 бала - қоғамдық орындарда спиртті ішімдік ішкені үшін ұсталды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, 57 сауда орнының қожайыны кәмелеттік жасқа жетпегендерге алкогольді және темекі өнімдерін сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктеді.
Іс-шара кезінде сабаққа бармай қалған 6 оқушы анықталды.