Астанада жастар мәслихатына депутаттар сайлауы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жастар мәслихатына депутаттар сайлауы өтеді

Астанада жастар мәслихатына депутаттар сайлауы өтеді

АСТАНА. 22-ақпан. Kazakhstan Today. Астанада 26-28 ақпанда жастар мәслихатына депутаттар сайлауы өтеді. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында "Жас Отан" астаналық жастар қанатының төрағасы Владислав Сергеев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 22 Ақпан 2007
  • 890
Фото - Caravan.kz

«Астананың жастар мәслихатына сайлауы қаланың барлық оқу орындарын қамту мақсатында және сайлау жоғары деңгейде сапалы өтуі үшін 26-нан 28-ші ақпанға дейін, үш күнге созылмақ»,- деді Владислав Сергеев.

Жастар мәслихатына 16 мен 29 жас аралығындағы жастар сайланады. Қазіргі уақытта, Владислав Сергеевтің сөздеріне сүйенсек, сайлауға қатысуға оқу ұйымдарынан 150-ден астам адам өтініш білдірген.

Жастар мәслихатының құрамында төрт комитет құрылады деп жоспарлануда, яғни: «Жастар бизнесі және экономика», «Мәдениет, спорт, бос уақыт», «Әлеуметтік қолдау және қорғау», «Жастардың өзін-өзі басқаруы».

Владислав Сергеев түсіндіріп өткендей, жастар мәслихаты 2006 жылы Астана мәслихаты мен «Жас Отан» жастар қанатының басшылары арасында қол қойылған меморандум негізінде құрылмақ.

«Жас Отан» жастар қанаты жастар мәслихатын республиканың барлық өңірлерінде құруға ниетті, деді Владислав Сергеев. «Жастар мәслихатына сайлау барлық өңірлерде өтеді»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті