Астанада "Жастар - Қазақстан халқы бірлігі үшін" тақырыбындағы жалпыұлттық форум өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада "Жастар - Қазақстан халқы бірлігі үшін" тақырыбындағы жалпыұлттық форум өтеді

Астанада "Жастар - Қазақстан халқы бірлігі үшін" тақырыбындағы жалпыұлттық форум өтеді

Астана. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Астанада "Жастар - Қазақстан халқы бірлігі үшін" тақырыбындағы жалпыұлттық форум өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Мәдениет министрлігінің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 26 Сәуiр 2010
  • 830
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан халқы бірлігі мерекесі қарсаңында, ағымдағы жылдың 26-28 сәуірі аралығында Қазақстан жастар конгрессі Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Астанада ел жастарының басты шарасы — «Жастар — Қазақстан халқы бірлігі үшін» тақырыбындағы жалпыұлттық форум басталады.
Шараның басты мақсаты — бүгінгі жастардың рухани-адамгершілік құндылықтары арқылы қазақстандық патриотизмді нығайту.
Форум шеңберінде: Жастардың еліміздегі саясат және мәдениет қайраткерлері, қазақстандық зиялы қауым өкілдерімен «Ұрпақтар сабақтастығы» атты кездесуі;
ҚР президент әкімшілігі басшының орынбасары М. Әшімбаевтін қатысуымен пленарлық отырысы өтеді.
Сонымен қатар, 4 бағыттар бойынша сұхбат алаңдары өтеді, ең сәтті деген жастар бастамалары мен әлеуметтік жобалармен таныстыратын «Жастардың өңірлердегі жетістіктерінің картасы» көрме-таныстырылымы ұсынылады.
Ұлы Отан соғысының 65 жылдық мерейтойына орай «Ерлік — елге мұра, жастарға үлгі» акциясы шеңберінде Бауыржан Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 27 сәуір күні сағат 10.00-де Қазақстан жастар конгрессі Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Қазақ гуманитарлық заң университетінде еліміздің саясат және мәдениет қайраткерлері мен қазақстандық зиялы қауым өкілдерінің «Ұрпақтар сабақтастығы» атты делегаттармен кездесуін ұйымдастырады.
Кездесу ұрпақтар сабақтастығын сақтау, сол арқылы рухани-адамгершілік құндылықтармен, білім, өмірлік философиямен бөлісу, қазақ халқының мәдени, тілдік ерекшеліктерін сөз ету мақсатында өтпек.
Шара барысында саясат сахнасындағы белгілі тұлғалар, мәдениет қайраткерлері өздерінің өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөліседі. Форумның басты мақсаты — дарынды әрі белсенді, өз елінің келешегіне немқұрайлы қарамайтын Қазақстан жастарының басын қосып, оларға өз саласының білікті маманы болуы үшін қосымша ақпарат, білім алуға мүмкіндік туғызу болып отыр.
Кездесуге қазақтың белгілі ақыны, көрнекті қоғам қайраткері — Мұхтар Шаханов, ҚР ҚР парламенті сенаты және мәжілісінің депутаты — Ғарифолла Есім, Бекболат Тілеухан, космонавт, генерал-лейтенант Мусабаев Талғат, профессор Омаров Рустем қатысады.
Күннің екінші жартысында 4 бағыттар бойынша «Құрылтай алаңы» диалог алаңдары өтеді: патриоттық тәрбиелеу; жастарды рухани, тарихи және мәдени құндылықтарға құрмет рухында тәрбиелеу; жастар арасында салауатты өмір салтын ұстану принципін насихаттау; еліміздегі жастар ұйымдарының заң шығару бастамасын талқылау. Сұхбат алаңдарының жұмыс қорытындысы бойынша ұсынымдамалар әзірленеді.
Сондай-ақ, 28 сәуірінде сағат 11.00-де Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы президент әкімшілігі басшының орынбасары Мәулен Әшімбаевтің қатысуымен «Жастар Қазақстан халқының бірлігі үшін» жалпыұлттық форумының пленарлық отырысы өтеді.
Отырыс барысында үздік бастамалар және әлеуметтік жобалармен «Жастардың өңірлердегі жетістіктерінің картасы» көрме-таныстырылымы ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасының президент әкімшілігі басшының орынбасары М. Әшімбаев, білім және ғылым, мәдениет министрлері, Қазақстан халқы ассамблеясының төрғасының орынбасары Е. Тоғжанов және Қазақстан ардагерлерінің орталық кеңесі өкілдері баяндамалары таңдалады.
Отырысқа Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттары, еліміздің саясат және мәдениет қайраткерлері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, жастар ұйымдарының, ҚР президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесінің өкілдері қатысады.


«ҚАЗАҚСТАН БҮГІН» АҚПАРАТТЫҚ АГЕНТТІГІНІҢ БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРЫН СІЗДЕР АГЕНТТІКТІҢ САЙТЫНАН ОҚИ АЛАСЫЗДАР: WWW.KT.KZ.