Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ашылды

Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ашылды

Бүгін, 2-шілдеде Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ашылды. Жәрмеңкені "Отан" саяси партиясының жастар қанаты мен Астана қалалық жастардың еңбек биржасы ұйымдастырды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Шiлде 2004
  • 461
Фото - Caravan.kz

Астанадағы жастар ұйымдары қауымдастығының төрағасы Елдар Катеновтың хабарлауынша, Елордасындағы 30-ға жуық ұйым жәрмеңкеде өз аясындағы уақытша және тұрақты сипаттағы бос жұмыс орындарын жария етті. Жәрмеңкеге Елордасында жұмыс таба алмай жүрген мыңдаған жастар қатысты.

Осындай жәрмеңкелер жыл сайын өткізіліп тұрады деп күтілуде. Жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде Астанадағы көптеген ұйым-мекемелердегі 16 мен 30 жас аралығындағы жастар орналаса алатын бос жұмыс орындарына қатысты мәліметтер қоры құрылды.

Перейти к новостям спорта