Астанада жат діни ағымның жетегінде жүргендер жаппай тексеріле бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жат діни ағымның жетегінде жүргендер жаппай тексеріле бастады

Астанада жат діни ағымның жетегінде жүргендер жаппай тексеріле бастады

Жат діни ағымдардың өкілдері елді дүрліктіргеннен бері полицияға тыным жоқ. Ақтөбелік тәртіп сақшыларына шабуыл мен Балқаш түрмесіндегі жарылыс сынды төтенше оқиғалар жаппай тексерулерге түрткі болды.

  • 20 Шiлде 2011
  • 558
Фото - Caravan.kz

Қауіпсіздік шаралары, әсіресе, ел ордасы Астанада белсене қолға алынып отыр. Бұл күндері қала аумағында «Барьер» жедел алдын алу шарасы өткізілді. Нәтижесі жоқ емес. Бес күннің ішінде полицейлер экстремистік қозғалысқа қатысы бар деген күдікпен 200-ден астам адамды ұстады. Олардың басым бөлігі расында да қылмыс жасауға бейім екен. Әрбір күдікті азамат жіті тексеруден өтіп, ол туралы деректер арнайы ақпараттық қорға енгізілді. Экстремистердің есімдері жеке тізімде сақтаулы. Әзірге белгілі бір заңбұзушылық тіркелмеген соң, көбі бостандыққа жіберілді. Бірақ ендігі кезде барлық әрекеттерін ішкі істер органдары қатаң бақыламақ. 


София Қылышбекова, Астана қаласының ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі бастығының орынбасары:

-Оперативтік мүдде туғызатын мекен-жайлар тексеріліп, 66 адам «Экстремизм» деген оперативтік есепке алынды.

Соңғы жаңалықтар