Қызыл жалын тал түсте дәл осы жатақханадан тұтанған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде, мына бөлменің ішінде тұрмыстық заттар лаулап жанып жатыр екен. Тілсіз жаудан он тұрғын құтқарылды. Ал бір бала ысқа тұншығып, қаза тапқан. Тағы алты адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.