Бұл туралы Елорда Инфо хабарлайды.
«103 пультіне қоңырау түсті. Диспетчер әйелдің босанғалы жатқанын біліп, қалай тыныстауы керек, не істеу керек екенін айтып, кеңес берген. Нәтижесінде келіншек жедел жәрдем бригадасы жеткенше, сәбиін үйінде босанып алды», – дейді жедел жәдем станциясындағылар.
Қалалық станциядағылардың сөзінше, келіншек салмағы 3 800 грамм, бойы 51 сантиметр болатын ұл баланы дүниеге әкелген. Ата-анасы тұңғышына Ренат деген есім беріпті.
«Келіншекте жүктілік кезеңі қиындықсыз өтті. Босану кезінде де қиындық болмаған. Жедел жәрдем бригадасы келгеннен кейін, оған және сәбиіне алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Артынша олар перзентханаға жеткізілді», – дейді қалалық станциядағылар.
Оқи отырыңыз:
Катамаран мен жүк кемесі соқтығысып, он адам ажал құшты
Елтаңбадағы «Қазақстан» сөзі латын әліпбиімен жазылады