Астанада жеке кәсіпкердің әйелі мен үш баласын өлтіріп кетті - ҚР ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жеке кәсіпкердің әйелі мен үш баласын өлтіріп кетті - ҚР ІІМ

Астанада жеке кәсіпкердің әйелі мен үш баласын өлтіріп кетті - ҚР ІІМ

Астана. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада белгісіз қылмыскерлер жеке кәсіпкердің әйелі мен үш баласын асқан айуандықпен өлтіріп кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Бағдат Қожахметов кеше өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Қазан 2008
  • 572
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 21 қазанда сағат 22.51-де «Чубары» ықшамауданындағы бір жер үйде үй иесі әйел мен оның 10, 7 және 3 жасар үш баласының мәйіттері пышақ жарақаттарымен табылды.

Олар асқан айуандықпен өлтірілген. «Ал отағасы, жеке кәсіпкер, бір жеке кәсіпорынның директоры өлім болған кезде қызметтік іссапармен шетелде жүрген», — деді Б. Қожахметов.

«Үйдің ауласынан қара түсті, Z 397 AV деген мемлекеттік нөмірі бір «Тойота Камри 40″ көлігі, сондай-ақ, зергерлік бұйымдар мен 500 мың теңге тоналған», -деді ол.

ІІМ өкілінің мәлімдеуінше, шұғыл тергеу тобы өлімге Астананың 28 жастағы бұрын сотталған тұрғынының қатысы бар деген күдікте. «Ол үй иесінің компаниясында жұмыс істеген, осы отбасында жиі болатын және үйдің әйел иесі мен балалары оны жақсы таныған», — деді Б. Қожахметов.

Шұғыл тергеу тобының пікірінше, қылмыскер Павлодар, Ақмола немесе Қарағанды облыстарына кетуі мүмкін. «Ол Қазақстан -Ресей шекарасынан өтіп, көрші елде ізін жасыруға талпыныс жасау мүмкіндігі жоққа шығарылмайды», -деді ІІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар