Астанада жеміс пен көкөністерге баға көтерілгенімен, оларға деген сұраныс түспей отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жеміс пен көкөністерге баға көтерілгенімен, оларға деген сұраныс түспей отыр

Астанада жеміс пен көкөністерге баға көтерілгенімен, оларға деген сұраныс түспей отыр

Астанада өткен аптада көкөніс пен жеміс бағасы айтарлықтай көтерілгенімен, олар сөрелерден бірнеше сағатта сатылып кетіп отыр, деп ҚазТАГ агенттігінің тілшісі хабарлады.

  • 14 Маусым 2011
  • 640
Фото - Caravan.kz

«Ең сұранысы көбі — көкөніс пен жемістер. Олар Т100-500-ге қымбаттады. Астана тұрғындарына «етті» деп аталатын қызанақтар ұнап қалды. Олардың бағасы да басқаларынан қымбат, бірақ тұрғындар оларды бірнеше сағаттың ішінде сатып алып қояды. Ет өнімдері де қымбаттауда. Негізінен сиыр еті мен құс еті қымбаттауда», — деп Астанадан дүйсенбі күні тілшіміз хабарлады.

Қазақстанның оңтүстігінде көкөніс пен жемістердің жекелеген түрлері қымбаттауда, сонымен қатар алма мен тамыр жемістері қамбаттауда. Талдықорғанда өткен аптада 1 кг қызанақ бағасы Т100-150-ге, қияр бағасы – Т100-120, пияз – Т50-70-ке қымбаттаған. Алматыда да жекелеген көкөніс пен жеміс (қияр, қызанақ, көк шөп, құлпынай) бағалары арзандағанымен, биылғы жыл картобының бағасы Т220-ға дейін барса, былтырғы картоп Т160 болып тұр.

Солтүстік аймақтарда оның ішінде Қарағандыда осындай жағдай байқалуда: жаңа каортоп бағасы қымбат. Жаңа жылдың өнімінің қымбаттығы былтырғы картоп бағасын да көтеріп жіберді дейді Қарағандылық тілшіміз.

Шығыс Қазақстанда бұрынғысынша сиыр еті қымбаттауда. Өскенменде 1 кг сиыр еті Т100-ге қымбаттап, Т1600 болды. Сондай-ақ өткен аптада жаңа жылдың көкөністерінің бағасы қымбаттады. Өзбексатаннан келген қызылша Т250-ден, қырққабат Т70-90-нан сатылып жатыр.
Бұл ретте биылғы картоп Т20-ға, пияз Т10-ға арзандады. Жергілікті қызанақтар аздап арзандап, Т230-ға сатыла бастады.

«Одан басқа соңғы аптада жұмыртқа бағасы да аздап арзандай бастады. Қалаға Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облысынан ірі партия түсе бастады. Әлеуметтік бөлімде жұмыртқаның он данасы Т90-нан сатыла бастады», — деп тілшіміз ШҚО-дан хабарлайды.

Қазақстандағы азық-түлік бағасымен төменгі кестеден не «ҚазТАГ» ХАА сайтынан танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар