Астанада болған жол апатынан зардап шеккен балалардың бірінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, осыған дейін Астанадағы Иманов көшесінде жеңіл көліктің аударылып, жол жиегіне шығып кеткені хабарланған болатын. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 2002 жылғы төрт бала, 2007 жылғы екі бала мен 2005 жылғы бір бала зардап шекті.
"Үш баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. 2002 жылғы баланың жағдайы ауыр. Ол жансақтау бөлімінде жатыр", — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметіндегілер. Айта кетейік, балалар екінші қалалық ауруханаға жеткізілді.
Ауруханаға жеткізілген балалардың ішіне, көкірек қуысына, самайына зақым тиіп, милары шайқалған.