Астанада "Жеңіс лентасы" патриоттық акциясы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада "Жеңіс лентасы" патриоттық акциясы басталды

Астанада "Жеңіс лентасы" патриоттық акциясы басталды

"Жеңіс лентасын" тарату науқаны 8 мамырға дейін жалғасады

  • 6 Мамыр
  • 9
ФОТО: Астана қаласының әкімдігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Астанада Есіл өзенінің жағасында патриоттық акция ұйымдастырылды. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Жеңіс лентасы мен төсбелгілерді таратып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Жеңіс лентасын» тарату науқаны 6 мамырда басталып, 8 мамырға дейін жалғасады. Барлығы 30 мың дана Жеңіс лентасын тарату жоспарланған.

«Бұл ленталар – ата-бабамыздың қан майдандағы ерліктерін еске алудың символы. Бұл ленталар біздің алғысымыздың кішкентай символына айналсын», – деді іс-шараға қатысушы.

Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған акция тарихи естеліктерді сақтауға және бейбіт өмір сыйлаған батырлардың ерлігіне құрмет көрсетуге бағытталған.