Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада Қазақ ұлттық хореография академиясында Жеңістің 80 жылдығына орай халықаралық жас хореографтар фестиваль-конкурсы өтті, деп хабарлайды мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Байқауға Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Қазақстанның ұжымдары қатысты.
Фестиваль Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен және Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының қолдауымен өтті. Аталған қордың арқасында ТМД елдерінің шығармашыл жастарын біріктіретін осындай бірегей халықаралық жобалар ұйымдастырылуда.
Гала-концерт барысында фестиваль жеңімпаздарының есімдері жарияланды:
Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанованың жүлдесін – Анастасия Третьякова (Қазан, Ресей) иеленді.
«Астана Балет» театрының бас балетмейстері Мукарам Абубахриеваның жүлдесі – Абай Юсуповқа (Астана, Қазақстан) берілді.
«Гүлдер» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықованың жүлдесі – Елизавета Трашковаға (Ташкент, Өзбекстан) табысталды.
Қазақстан халқы ассамблеясының жүлдесі – Давид Компанецке (Астана, Қазақстан) берілді.
Visit Astana туриcтік ақпараттық орталығының жүлдесі — Ирина Капустинаға (Минск, Беларусь) табысталды.