Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өзінің лауазымдық құзырын пайдаланған бөлім бастығы спиртті өнімдердің бөлшек саудасына мемлекеттік лицензия алуға келісімін бергені туралы актіге қол қойғаны үшін кәсіпкерлерден ақша талап еткен.
Мемлекеттік қызметкер бір кәсіпкерден 25 мың теңге алып жатқан кезде тұтқындалды. Әлгі кәсіпкер бопсалау дерегі туралы алдын-ала қаржы полициясына хабарлаған.
Ұсталған шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғалды.