Ұйымдастырушылардың айтуынша, республиканың барлық аймақтарынан аудандық сот төрағаларының басын біріктіретін осындай бас қосу алғаш рет өткізілгелі отыр. Сот реформасына сәйкес алға қойылған мақсаттар мен жергілікті соттар алдында тұрған маңызды міндеттерді ескерсек, осындай бас қосудың маңызы зор.
Бас қосуға орталық мемлекеттік мекемелердің өкілдері, парламент депутаттары, ғалымдар, шетелдік сарапшылар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады. Конференцияға шақырылған сыйлы қонақтардың арасында халықаралық судьялар қауымдастығы бас хатшысының орынбасары Джакомо Оберто, РФ президентінің жанындағы заңнамаларды жетілдіру жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сергей Вициндер бар.