Астанада "Жергілікті соттардың ролін арттыру: судьялардың тәуелсіздігі, әділеттілікке қол жеткізуді қамтамасыз ету" тақырыбында конференция өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада "Жергілікті соттардың ролін арттыру: судьялардың тәуелсіздігі, әділеттілікке қол жеткізуді қамтамасыз ету" тақырыбында конференция өтеді

Астанада "Жергілікті соттардың ролін арттыру: судьялардың тәуелсіздігі, әділеттілікке қол жеткізуді қамтамасыз ету" тақырыбында конференция өтеді

25-наурызда Астанада "Жергілікті соттардың ролін арттыру: судьялардың тәуелсіздігі, әділеттілікке қол жеткізуді қамтамасыз ету" тақырыбында екі күндік ғылыми-тәжірибелік конференция басталады. Бұл бас қосуды ҚР жоғары соты, Судьялар одағы мен АҚШ-тың заңгерлер қауымдастығы (ABA/CEELI) бірлесе ұйымдастырмақшы. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Жоғары соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Наурыз 2004
  • 616
Фото - Caravan.kz

Ұйымдастырушылардың айтуынша, республиканың барлық аймақтарынан аудандық сот төрағаларының басын біріктіретін осындай бас қосу алғаш рет өткізілгелі отыр. Сот реформасына сәйкес алға қойылған мақсаттар мен жергілікті соттар алдында тұрған маңызды міндеттерді ескерсек, осындай бас қосудың маңызы зор.

Бас қосуға орталық мемлекеттік мекемелердің өкілдері, парламент депутаттары, ғалымдар, шетелдік сарапшылар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады. Конференцияға шақырылған сыйлы қонақтардың арасында халықаралық судьялар қауымдастығы бас хатшысының орынбасары Джакомо Оберто, РФ президентінің жанындағы заңнамаларды жетілдіру жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сергей Вициндер бар.

Соңғы жаңалықтар