Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.
Сарыарқа аудандық Жергілікті полиция қызметінің өкілдері биыл әкімшілік учаске жүргізген тексеріс барысында Біржан Сал көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінің интим қызметтер көрсету үшін 3 қызға жалға берілгенін анықтады.
Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Астананың 39 жастағы тұрғыны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 450-бабының 1-бөлігі бойынша ("Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну") әкімшілік жауапкершілікке тартылды — 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (240 500 теңге) айыппұл салынды. Сондай-ақ, оның бұл қызметі 3 айға тоқтатылды.
Оқи отырыңыз:
Жезөкешелерді аязды күні күзетшілер далаға жалаңаш қуып шықты