Астанада жол апатынан екі жаяу жүргінші зардап шекті
Астана. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада жол апатынан екі жаяу жүргінші зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТЖМ мәліметінше, Астананың Сарыарқа ауданында Әуэзов көшесінде ("Тянь-Шань" дәмханасының маңы) 15 қазанда сағат 08.49-да "Ауди"көлігінің 22 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Апат салдарынан 53 және 55 жастағы екі әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін