Астанада жол апатынан велосипед жүргізушісі көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жол апатынан велосипед жүргізушісі көз жұмды

Астанада жол апатынан велосипед жүргізушісі көз жұмды

Қонаев көшесі бойында болған жол-көлік апатында велосипед жүргізушісі қаза тапты.

  • 1 Қазан 2015
  • 520
Фото - Caravan.kz

«Елордалық полицейлер ағымдағы жылы 1 қазанда шамамен сағат 01.00 Қонаев көшесі бойында болған жол-көлік апатына қатысты ҚР ҚК 345- бабына сәйкес сот алдындағы тергеу амалдарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Автомобиль коммуналдық тұраққа жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

«ВMW» маркілі көлігінің 1994 жылы туған жүргізушісі 1 қазанда сағат 01.00  шамасында Қонаев көшесінің бойымен Тұран даңғылына қарай жүріп бара жатқанда белгіленбеген жерде жолды өтіп бара жатқан велосипедшіні соғып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 32 жастағы Е. есімді азамат алынған жарақаттардан оқиға орнында жан тапсырды.


Соңғы жаңалықтар