Астанада жол полициясының бір қызметкері кәсіби міндетін атқару барысында қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада  жол полициясының  бір қызметкері кәсіби  міндетін атқару барысында қаза тапты

Астанада жол полициясының бір қызметкері кәсіби міндетін атқару барысында қаза тапты

Астанада бір жол полициясының қызметкері кәсіби міндетін атқару барысында қаза тапты. Бұл туралы бүгін, 19-қыркүйекте Астанада өткен баспасөз мәслихатында Астана қалалық ішкі істер департаменті төрағасының орынбасары Владимир Козак құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2005
  • 481
Фото - Caravan.kz



В.Козактың айтуынша, қайғылы оқиға 18-қыркүйекте 13-ші Магистральная көшесі маңында болған. Сол күні 12 сағат 20 минут шамасында жол полициясының арнаулы батальонының аға инспекторы, жол полициясының капитаны Марғұлан Қонаев жол үстінде апатты жағдай тудырған «Фольксваген пассат» автокөлігін тоқтатуға әрекет жасаған. Әлгі көліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілердің жолдан өтуіне арналған жерде баланы соғып кете жаздайды. Осыдан кейін көлік жүргізушісі тәртіп сақшыларының тоқта деген белгісін елең қылмай жүре береді. В.Козактың айтуынша, осыдан кейін тәртіп сақшылары автокөлікті қуып жетіп , тоқтатуға тағы бір әрекет жасап, көлігінен шыққан М.Қонаев «Фольксвагеннің» жүргізушісінен тоқтауды талап етеді. Алайда, автокөлігінің тізгініне ие бола алмаған әлгі жол полициясының қызметкерін соғып кеткен.
«Жол апаты салдарынан аға инспектор М.Қонаев ауыр жарақат алып, апат шыққан жерде қаза тапты»,- деді В.Козак. «Фольксвагеннің» жүргізушісі мен оның жанында отырған автокөліктің қожайыны қамауға алынды. Сараптама қорытындысы жүргізушінің мас болғанын көрсеткен. Қазір 32 жастағы Астана тұрғынының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «кісі өлтіру туралы» 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Астана қалалық ішкі істер департаментінің басшылығы М.Қонаевтың ерлігі мен ержүректігі үшін марапаттау туралы өтініш берді,- деді В.Козак.
Астана қалалық ішкі істер департаментінің ақпаратына сәйкес, Елордасында жол полициясының қызметкерлерін соғып кету оқиғалары жылына орта есеппен 4-5 мәрте тіркеледі. Ал тәртіп сақшысының жол апатынан қаза табу оқиғасы алғаш рет тіркеліп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта