Астанада жол полициясының қызметкері пара алып жатқан сәтте ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жол полициясының қызметкері пара алып жатқан сәтте ұсталды

Астанада жол полициясының қызметкері пара алып жатқан сәтте ұсталды

Астанада пара беруге мәжбүрлеу дерегі бойынша жол полициясының қызметкері ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі Агенттігінен (қаржы полициясынан) хабарлады.

  • 5 Наурыз 2004
  • 445
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, үстіміздегі жылдың наурыз айының басында экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі Агенттігінің Астана қалалық департаментіне В есімді бір азамат шағым түсіріп, пара беруге мәжбүрлеу дерегі туралы хабарлаған. Азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық істер Кодексінің «Көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы мен көлік пайдалану ережесін бұзуы » жөніндегі 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оны доғару туралы уәде үшін Ақмола облыстық ІІББ Целиноград аудандық ІІБ жол полициясы бөлімінің мемлекеттік автоинспекторы М есімді адам одан пара талап еткен көрінеді.

Қаржы полициясының анықтағанындай, қылмыстық істі тексеру барысында жол полициясының қызметкері күдіктіні қамауға аламын деп қорқытып, одан пара талап еткен. Қаржы полициясы тағы бір осындай қоқан-лоққы кезінде жол полициясының қызметкерін қолға түсіріп, оның үстінен Қылмыстық Кодекстің «Билігі мен лауазымдық құқығын асыра пайдалану» туралы 308-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ, агенттік ақпаратына сәйкес, өткен айда қаржы полициясының қызметкерлері өз көлігінде 200 доллар көлемінде пара алып жатқан жерінен кедендік мекеме қызметкерін қолға түсірді. Парақорды құрықтауға бір жеке кәсіпкердің арызы түрткі болған. Шағымда ол қаладағы сауда үйлерінің біріндегі жалға алған дүкеншікке жүргізілген тексеруге оң қорытынды шығарып беру үшін Астана қалалық кедендік бақылау департаментінің тергеу бөлімінің бастығы өзінен заңсыз сыйақы талап еткенін хабарлайды. Аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің «Пара алу » жөніндегі 311-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұтқын Астана қалалық ІІББ-ның уақытша тергеу абақтысына қамалды.
Жедел деректерге сүйенсек, үстіміздегі жылы қаржы полициясы мекемелері сыбайлас жемқорлықпен күресті әжептәуір жандандырды. Қаржы полициясы мекемелері қызметкерлер санын арттырмай-ақ, лауазымдық құқығын бас пайдасына жарату (3 есе), билігі мен лауазымдық құқығын асыра пайдалану ( 40 процент артық), пара алу (56 процент артық), пара беру (4 есе артық) сияқты сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстарды әшкерелеу көрсеткішін біршама арттырды.
Үстіміздегі жылдың екі айында экономикалық және жемқорлық қылмыстар бойынша қаржы полициясы мекемелері әшкерелеген шығын көлемі , жедел мәліметтер бойынша, өткен жылғы осы мерзім көрстекіштерімен салыстырғанда 18 есе артқан.

Соңғы жаңалықтар