Астанада жол қозғалысы ережелерін бұзудың 5342 фактісі анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада  жол қозғалысы ережелерін бұзудың 5342 фактісі анықталды

Астанада жол қозғалысы ережелерін бұзудың 5342 фактісі анықталды

Қауіпсіз жол» операциясын өткізудің бес күнінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 5342 фактісі анықталды,

  • 29 Қазан 2012
  • 295
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Астана қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.

Соның ішінде жылдымдықты асырудың 1362 фактісі, озу ережелерін бұзудың 792 фактісі, қарсы жолаққа шығып кетудің 150 фактісі бар. Бұдан басқа, апатты жағдайларды тудырғаны үшін жүргізушілерге қатысты 111 әкімшілік хаттама толтырылды, көліктерін мас күйінде жүргізген 60 азамат анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, Астана аумағында апаттылықты төмендету және жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында 2012 жылғы 24-29 қазан аралығында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу шарасы өткізілуде. Осыған байланысты Астанада жолдардағы қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жасақтардың сны арттырылды, Астана қалалық ІІД ЖПБ-ның барлық жеке құрамы қызметті жүргізудің күшейтілген режіміне өтті.

Соңғы жаңалықтар