Астанада жолақы құнын 150 теңгеге дейін көтеру ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жолақы құнын 150 теңгеге дейін көтеру ұсынылды

Астанада жолақы құнын 150 теңгеге дейін көтеру ұсынылды

Үшінші автобус паркінің директоры тарифті жүргізушілер мен кондукторларға жағдай жасау үшін көтеру керек екенін айтты

  • 29 Қараша 2017
  • 150
Фото - Caravan.kz

Астана қаласы үшінші автобус паркінің директоры Бауыржан Тілеубергенов елорданың қоғамдық көліктерінде жолақы төлеуде сараланған құн қолдануды ұсынды,деп хабарлайды Sputnik. 

"Бүгінде Алматыда сараланған тариф енгізілген. Онда карочкамен 80 теңге және қолма-қол 120 теңге төлейсің. Бізде электронды жолақы төлеу жүйесін жылдамырақ енгізу үшін карточкамен 90 теңгені қалдырып, қолма-қол төлемді 150 теңгеге көтеру керек. Сәйкесінше, экспресс автобустарда жолақы 200 теңге болуы тиіс", — деді Тілеубергенов "Astana LRT" ұйымдастырған Астананың автобус парктеріне пресс-тур барысында.  

Автобус паркінің басшысы жүргізушілердің жалақысы төмен деген сыбысты жоққа шығарып, олар орташа 350 мың теңге алатынын айтты.  


"Егер тарифті көтеріп, жағар-жанармай мен қосалқы бөлшектер құнын төмендетсе, мен оларға көбірек төлеуге дайынмын. Тарифті мен байып кету үшін емес, жүргізушілер мен кондукторларға жағдай жасау үшін көтеру керек деп есептеймін, олар соған лайықты еңбек етіп жатыр ", — деп түсіндірді Тілеубергенов.

Соңғы жаңалықтар