Астанада бүгін таңертең жолаушылар автобусы бағдаршамға соғылды, деп хабарлайды Baq.kz. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Жол апатына куә болған ғаламтор қолданушысы инстаграмдағы myastanacity аккаунтына бағанға соғылған автобустың суретін жүктеген. Оқыс жағдай Сарыарқа мен Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысында болғанын жазған.
Астана ІІД-ден мәлімдегендей, жол апаты бүгін таңғы жетілер шамасында болған. Автобус рейске енді ғана шыққандықтан, көлік ішінде жүргізуші мен кондуктор ғана болыпты. Олар дін аман.