Астанада жолдарды жарықтандыруға күн мен желдің энергиясы пайдаланылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жолдарды жарықтандыруға күн мен желдің энергиясы пайдаланылмақ

Астанада жолдарды жарықтандыруға күн мен желдің энергиясы пайдаланылмақ

Жүздеген жаяу жүргіншілер жолдары  толығымен қайта қалыпқа келетін энергия көздері (ҚКЭК) есебінен жарықтандырылады, деп хабарлайды елорда əкімдігінің медиа орталығы. 

  • 20 Қыркүйек 2017
  • 174
Фото - Caravan.kz

Жаңашылдық қала энергиясын үнемдеуге жəне түнгі уақытта жүздеген жаяу жүргіншілер жолдарын жарықтандыруды жақсартады. Қайта қалыпқа келетін энергия көздері жобасының жетекшісі Рустам Қадыровтың сөзінше,  өткен жылы алғашқы 5 жүйе эксперименталды түрде орнатылған жəне сәтті іске қосылған.  Мамандар ноу-хаудың əрекет ету принципі туралы айтты. 

— Жаяу жүргінші жолы жанына консольмен бағана орнатылады. Сол жерде жаяу жүргінші жолағын қосымша жарықтандыратын шам болады. Сонымен қатар бұл жүйе жұмысын қолдайтын жел генераторлары, күн панельдері, аккумуляторлар орнатылады. Осылай аккумуляторлар күн мен жел энергиясынан алынатын электр қуатын жинап, түнгі уақытта жүйе жаяу жүргіншілер жолдарын жарықтандыруға электр береді, — деп түсіндірді Р.Қадыров. 

Мамандардың айтуынша, баламалы жарықтандыру көзі электрліктен еш кем түспейді, ал бір участкеге автономдық және бағыттау жағынан тіпті асып түседі. Есептеу бойынша, түнгі уақытта, анық көрінбеу жағдайында жаяу жүргіншілер жолын жарықтандыру орташа 30 пайызға артады. Ноу-хауды енгізуші энергетика басқармасы ЖПҚ-мен бірлесіп елорданың ең апатты-қауіпті жерлеріне сараптама жүргізген. 

— Қаладағы барлық жаяу жүргіншілер жолдары —  алыс участкелердегі, шет жақтағы, қала ортасында, барлық аудандардағы жолдар  зерттелді. ЖКО жиі орын алатын аумақтар анықталды. Мысалы, бұл Герцен көшесі, Сарыарқа ауданы, Алматы ауданы, Есіл ауданының жартысы. Мектептер мен балабақшалар орналасқан орындар ерекше белгіленді. Осы жерлерде жаңа жүйелер орнатылады, — деп атап өтті Р.Қадыров. 


Жыл соңына дейін елордада күн мен жел энергиясы арқылы жарықтандыратын жүйемен 50 жаяу жүргіншілер жолдары жарақтандырылады. Ал қалғандарына қала басшылығы келесі жылдың ортасына дейін орнатуды жоспарлаған.