Жарияланды: 430

Астанада жұмысшының үстіне темір бетон құлап кетті

Астанада жаңадан салынып жатқан екі тұрғын үй кешенінде жұмысшылар жарақаттанып қалды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.

Жексенбі күні болған төтенше оқиғалардың бірі таңертең, Сарайшық көшесінде бой көтеріп жатқан «Лазурный» квартал» ТК-де орын алды. Анықталғандай, құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында 2 метрлік биіктіктен «Бәйтерек» ЖШС-ның 28 жастағы жұмысшысының үстіне темір бетоннан жасалған арқалық құлап кеткен. Қазір ол жарақаттармен ауруханада жатыр. Құрылыс басындағы екінші оқиға сағат 21.43-те Қонаев көшесіндегі «Изумрудный квартал» ТК-де болды. «Жұмыстар барысында «Базис-А» компаниясының 31 жастағы бетоншысы үйдің екінші қабатынан құлап, ауруханаға жеткізілді», - делінген ТЖМ-ның таратқан хабарламасында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін