Астанада жұмысшының үстіне темір бетон құлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жұмысшының үстіне темір бетон құлап кетті

Астанада жұмысшының үстіне темір бетон құлап кетті

Астанада жаңадан салынып жатқан екі тұрғын үй кешенінде жұмысшылар жарақаттанып қалды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.

  • 13 Маусым 2011
  • 420
Фото - Caravan.kz

Жексенбі күні болған төтенше оқиғалардың бірі таңертең, Сарайшық көшесінде бой көтеріп жатқан «Лазурный» квартал» ТК-де орын алды. Анықталғандай, құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында 2 метрлік биіктіктен «Бәйтерек» ЖШС-ның 28 жастағы жұмысшысының үстіне темір бетоннан жасалған арқалық құлап кеткен. Қазір ол жарақаттармен ауруханада жатыр.

Құрылыс басындағы екінші оқиға сағат 21.43-те Қонаев көшесіндегі «Изумрудный квартал» ТК-де болды. «Жұмыстар барысында «Базис-А» компаниясының 31 жастағы бетоншысы үйдің екінші қабатынан құлап, ауруханаға жеткізілді», — делінген ТЖМ-ның таратқан хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар