Caravan Logo

Астанада жұрт таңғы сағат 4-те «Отан Ана» монументіне жиналды

Астанада жұрт таңғы  сағат 4-те «Отан Ана» монументіне жиналды

Шараға соғысқа қатысқан 12 ардагер келді. Олардың қатарының қазір мүлдем сиреп қалғаны  байқалады. Таңсәріде ардагерлер өздерінің соғыстан оралмай қалған майдандастарына арнап гүл шоғын қойып, шырағдан жақты. Осы жерде ардагерлер бүгінгі ұрпақ үшін, Отан үшін шайқаста, Жеңіс жолында қандай қиыншылықтарға төтеп бергені жөнінде әңгіме өрбітті. Жастар жағы да ардагерлерге құрмет көрсетіп, арнайы тігілген шатырларда таңғы ас берді. Осындай еске алу шарасы бүгін кезінде Кеңес Одағына қараған елдердің 19 қаласында ұйымдастырылды; шырағдандар Мәскеу, Санкт-Петербург, Минск, Душанбе, Ереван секілді қалаларда жағылды. Астаналық Кезекбай ақсақал соғыстың басталғанын алғашқы болып естігендердің бірі екен.  1941 жылы радиода жұмыс істеген ол суыт хабарды өңіріне өзі хабарлапты.  


Кезекбай Әбдірахманов, Ұлы Отан соғысының ардагері
:

- Жас кезімізде қиыншылық  кешеміз деп ойламадық. 1941 жылы армияға шақырды. Ал 1942 жылдың  сәуірінде соғысқа әкетті, батыс майданына.  Соғыс дегенді сонда көрдік. Соғыс болса да,есімізден Отанымыз, еліміз, ағайын-туыстарымыз шыққан емес.