Астанада жыл басынан бері 163 қылмыстық іс қозғалды, оның 118-і - есірткі саудасы үшін - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жыл басынан бері 163 қылмыстық іс қозғалды, оның 118-і - есірткі саудасы үшін

Астанада жыл басынан бері 163 қылмыстық іс қозғалды, оның 118-і - есірткі саудасы үшін

Астана. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Астанада жыл басынан бері 163 қылмыстық іс қозғалды, оның 118-і - есірткі саудасы үшін қозғалған. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің есірткі бизнесімен күрес басқармасы бастығының орынбасары

  • 19 Тамыз 2008
  • 378
Фото - Caravan.kz

Нариман Әбілқасенов бүгін дәстүрлі апталық брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Астана аумағында есірткі сататын 37 орын жойылды. 102 килограмнан астам есірткілік заттар, соның ішінде 7 килограмм героин заңсыз айналымнан шығарылды», -деді Н. Әбілқасенов.

Оның айтуынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодексінің 320- бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны артты. «Есірткілік заттарды сақтағаны үшін — 117 адам, соның ішінде кәмелеттік жасқа жетпеген 11 бала жауапкершілікке тартылды», — деді ІІД өкілі.

Н. Әбілқасеновтың айтуынша, 2008 жылдың басынан бері «Рубеж» өткізу бекеттерінде Елордасына есірткі алып өтуге қатысты 54 дерек анықталған.

«7 адам қылмыстық, 47 адам — әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 18 килограмнан астам есірткілік заттар, соның ішінде 100 грамм героин заңсыз айналымнан шығарылды», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар