«Жоспарлы тексерулердің қорытындысы бойынша құрылыс нормалары мен ережелерін бұзуға қатысты 348 нұсқау берілді. Қазіргі жағдаймен олардың 280-і жойылды. Қалған 68-і тұрақты бақылауда»,- деді Астана қаласының жаңа әкіміне есеп беруге арналған шұғыл кеңесте Ж.Жабалиев.
«Құрылыс компаниялары көп жағдайда жобалық-сметалық құжаттардың толық еместігіне, мемлекеттік сараптаманың жасалмауына және тапсырыс берушілер тарапынан құжаттарды дер кезінде рәсімдемеуге байланысты заң бұзады»,- деді басқарма бастығы.
Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен Астанада 736 нысандар мен кешендер құрылысы салынуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті