Астанада жылу таратушы компания тұрғындарға 285 миллион теңгені қайтарып береді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жылу таратушы компания тұрғындарға 285 миллион теңгені қайтарып береді

Астанада жылу таратушы компания тұрғындарға 285 миллион теңгені қайтарып береді

Астанада электр жарығын таратушы компания 285 млн теңге заңсыз табыс тапқан.

  • 20 Қараша 2018
  • 45
Фото - Caravan.kz

Олар 3 жыл бойы тариф құнын негізсіз өсіруден осынша пайдаға кенеліпті. Қалалық прокуратура өкілдері енді жарыққа төленген артық ақшаны тұтынушыларға 1 жылда қайтарып беруді талап етіп отыр. Одан бөлек бағаны әдейі көтеріп, пайдаға кенелген мекеме өкілдері заң алдындау жауап беруде екен.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жылу мен жарық тарифінің негізсіз көтерілгені Қауіпсіздік кеңесінің жиынында 
талқыланған соң, монополистер жұртшылық алдында зыр жүгіріп, есеп беруде. Мәселен, "Астана аймақтық электржелілік компаниясының" басқарма төрағасы әр жылдың тарифін баяндап, құпия ұстайтын кіріс-шығыстарын жария етті. Бәрі жақсы көрінгенмен, мамандар мекеменің 285 млн теңге заңсыз табыс тапқанын анықтап отыр.  Осы үшін ірі көлемде айыппұл салынған да екен. Бірақ қалай екені белгісіз, сотта олар өз істерінің дұрыстығын дәлелдеп, төлейтін айыппұл көлемі қысқартылыпты.  

«Бізге екі бірдей айыппұл салынды. Алғашқысы 24 млн теңгеге, екіншісі 17 млн теңге көлемінде. Біз прокуратура өкілдері таққан бұл айыппен келіспей соттастық. Түбінде сот аталған сомаларды 4 млн теңгеге  қысқартты. Бізге салынған айыппұлды осы күні толық өтедік» — дейді «Астана-АЭК» АҚ Басқарма төрағасы Александр Павлов.

Басы дауға қалған компания — енді жарықты төмендетілген тариф бойынша таратады. Осының арқасында тұрғындар аталған мекемеге электр энергиясы үшін бұрынғыдай 3 теңге 8 тиын емес, 2 теңге 80 тиын төлейтін болды. Дегенмен, журналистерді жинап, мәслихат өткізген компания ешқашан халықтың қалтасына қол салмадық деп ақталуда. 

«2 теңге 80 тиынды бізге табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті енгізді. Біз кез келген бағаны ойдан алып қоя салуымызға құқығымыз жоқ. Оны бірнеше құзырлы орган бақылап отыр. Сондықтан да бізді жұрттың ақшасын тонап отырған қарақшы етіп көрсетудің керегі жоқ» — дейді «Астана-АЭК» АҚ Басқарма төрағасы Александр Павлов.

Дегенмен прокуратура өкілдері жарыққа төленген артық ақшаны тұтынушыларға 1 жылда қайтарып беруді талап етіп отыр. Енді бағаның жөн-жосықсыз өсуіне жол жоқ. Ал қалта қамын ойлап, тарифтерді жасанды түрде көтерген пысықайларға қой дей алмаған, шенділер қатаң жазаланбақ. Тарифтерді реттеуге елеулі үлес қосады-ау деген энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа болса, жемқорлық жасады деп шатылып жатыр. Ал бағаны заңсыз көтерген деп айыпталған «Астанаэнергосбытта» өзінде белшеден шығынға батып жатырмыз деп ақталып жатқан көрінеді. Себебі, тұтынушылардың көбі  жылу ақысын уақытылы төлемейді. Салдарынан аталған мекемеде жалақы төмен. Дегенмен әзірге монополияға қарсы мекеме енгізген өтемдік тарифпен жұмыс істеуге мәжбүр.

«Тариф бектіліді. "Астанаэнергосбыт" компаниясы электр энергиясы үшін бағаны 14,59 тиыннан 13 теңге,89 тиынға түсірді. Одан бөлек жылу тарифі 3016 теңгеден 2842 теңгеге түсірілді.  Бұл тариф жаңа бағалар енгізілгенге дейін өзгермейді» — дейді Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Асан Базилов.



Бүгінде елде 24 монополист тарифті төмендетіпті. Ал мұның соң нақты қандай нәтижемен аяқталады?. Шенеуніктер монопоистерді тәубесіне түсіре алады ма,  әлде бәрі бір реттік науқанмен біте ме? Ол жағы уақыттың еншісінде.