Астанада жүргізуші куәлігі жаппай сатылған: арнайы ХҚКО басшысының экс-орынбасары ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 482.49
  • 556.75
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жүргізуші куәлігі жаппай сатылған: арнайы ХҚКО басшысының экс-орынбасары ұсталды

Астанада жүргізуші куәлігі жаппай сатылған: арнайы ХҚКО басшысының экс-орынбасары ұсталды

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Астанада және Ақмола, Павлодар облыстарында автомектептердің қызметін ұйымдастыру және жүргізуші куәліктерін ресімдеу кезінде заңсыз сыйақы алу және өкілеттіктерді теріс пайдалану деректерін анықтаған

  • 19 Наурыз
  • 1
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Астанада Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) басшысының бұрынғы орынбасары жүйелі түрде пара алу арқылы азаматтарға емтихан тапсыруға және жүргізуші куәлігін алуға жәрдемдескені үшін әшкереленген.

«Жалпы сомасы 100 миллион теңгеден асатын 60-тан аса факт процестік түрде құжатталды», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Көкшетаудағы Мамандандырылған ХҚКО және Екібастұздағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдары басшыларының заңсыз әрекеттерінің жолы кесілген. Олардың жалған тұлғалар арқылы емтихан тапсыруды ұйымдастырғаны үшін ақшалай қаражат алғаны анықталған.

«Бұдан бөлек, Астана, Шымкент және Тараздағы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарында жылжымайтын мүлікті қайта тіркеу және ауыртпалықтарды алып тастау кезінде өз өкілеттіктерін теріс пайдаланған лауазымды тұлғалардың заңсыз баю деректері анықталды», — делінген хабарламада.

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.