Астанадағы Аграрлық университетте дәстүрлі факультетаралық көркемөнерпаздар байқауы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы Аграрлық университетте дәстүрлі факультетаралық көркемөнерпаздар байқауы басталды

Астанадағы Аграрлық университетте дәстүрлі факультетаралық көркемөнерпаздар байқауы басталды

Астанадағы Қазақ агротехникалық университетінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған дәстүрлі факультетаралық көркемөнерпаздар байқауы басталды.

  • 6 Сәуiр 2011
  • 630
Фото - Caravan.kz

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ қабырғасында осымен 40-жылға жуық уақыт бойына өткізіліп келе жатқан көркемөнерпаздар байқауының басты мақсаты — жастардың талаптарын шыңдау, күнделікті оқудан көңілді сергітіп, ұстаз бен студенттің арасын жақындата түсу.

Биылғы жылғы байқау Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналғандықтан, факультеттер Қазақ елінде азаттық таңы атқанға дейінгі тарих беттеріне шолу жасап, тәуелсіздікке жету жолында күш-жігерін жұмсаған тұлғалар жайында, бүгінгі гүлденген, әлем сыйлаған Қазақстан туралы сахналық көріністер қойып, патриоттық әндер мен Тәуелсіздікке арнауларын орындаулары тиіс. Байқау ережесіне сәйкес ұжымдардың өнерлері сондай-ақ жеке және серігімен бірге би билеу, қазақ және өзге ұлт халықтарының аспаптарында ойнау жанрлары бойынша бағаланады. Додаға жастармен бірге профессорлық-оқытушылар құрамының молынан қатысуы шарт болғандықтан, қазылар алқасы концерттік бағдарламаның ұжым болып ұйымдастырылуына да назар аударатын болады. Әдетте, аға буын ұстаздар хормен ән айту аталымында ерекшеленеді. Бірақ, осы жолғы байқаудың бірінші күнінде энергетикалық факультеттің деканы Мұрат Шүкірәлиев бастаған оқытушылар тобы жастармен бірге сахнада билеп те берді.

Оқу орнының Тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Александр Майердің пікірінше, бұл — жастарға тәрбие болатын және оларда өздерінің бос уақыттарын шығармашылықтарын шыңдаумен өткізуге құштарлықтарын оятатын жақсы үрдіс.

Үш күнге созылатын жарыста сахнаға барлығы 8 факультет шығады. Байқау әдеттегідей ең үздік нөмірлердің гала-концертімен аяқталып, оның барысында жеңімпаздар жарияланатын болады.

Перейти к новостям спорта