Қазылар алқасы үздіктерді таңдауда айтыскерлердің түрлі жанрларда айтқан өлең жолдарына баса мән берді. Осындай сыннан сүрінбей өткен Оралдан келген ақын Бауыржан Шимердин бас жүлдені жеңіп алды. Ал ақтөбелік айтыскер ақын Ершат Қайболдин бірінші орынды иеленсе, екінші орынға екі бірдей ақын лайық деп танылды. Олар — шымкенттік Дәурен Ақсақалов пен қызылордалық Ержан Әміров. Үздік үштікке бірден төрт ақын ие болды. Олар — түркістандық Тұрар Тілеулиев, тараздық Аруна Керімбек, алматылық Аяулым Жұмабек және ақтөбелік Марат Ахметовтер.