Астанадағы айтыстың бас жүлдесін оралдық ақын алып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы айтыстың бас жүлдесін оралдық ақын алып кетті

Астанадағы айтыстың бас жүлдесін оралдық ақын алып кетті

Бүгін елордада қала күніне арналған «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпелілер өркениеті фестивалі аясында осымен 9-рет өткізілген республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті.

  • 6 Шiлде 2016
  • 443
Фото - Caravan.kz


Қазылар алқасы үздіктерді таңдауда айтыскерлердің түрлі жанрларда айтқан өлең жолдарына баса мән берді. Осындай сыннан сүрінбей өткен Оралдан келген ақын Бауыржан Шимердин бас жүлдені жеңіп алды. Ал ақтөбелік айтыскер ақын Ершат Қайболдин бірінші орынды иеленсе, екінші орынға екі бірдей ақын лайық деп танылды. Олар — шымкенттік Дәурен Ақсақалов пен қызылордалық Ержан Әміров. Үздік үштікке бірден төрт ақын ие болды. Олар — түркістандық Тұрар Тілеулиев, тараздық Аруна Керімбек, алматылық Аяулым Жұмабек және ақтөбелік Марат Ахметовтер.

Соңғы жаңалықтар