29-30 қазан күндері өткен жарыстарға елдің сегіз өңірінен — Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе (Хромтау қаласы), Павлодар, Қостанай (Қостанай және Рудный қалалары), Қарағанды облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан барлығы 102 спортшы қатысты.
Бұл жарыстар маусымның маңызды кезеңі — «Алау» мұз сарайында үстіміздегі қараша айының 8-10 аралығында өтетін Қазақстан чемпионатына дайындық болып табылады. Чемпионат барысында Әлем кубогының кезеңдеріне қатысу үшін конькимен жүгіру спортынан Қазақстанның құрамасы жасақталатын болады.
«Алау» мұз сарайы кубокты және чемпионатты Әлем кубогына жетелейтін тестілік жаттығулар ретінде қарастырып отыр. Оның барысында электронды хронометраж жаңа құрылғысын сынақтан өткізу көзделіп отыр.