Бұл — мұнда жасалған екінші осындай күрделі ота. Алты жастағы бала жасушалық лимфадағы лейкоз сырқатына шалдыққан болатын. Бүгінде дәрігерлер жілік майын ауыстыру отасы сәтті өтті, бала сырқатынан айықты дегенді сеніммен айтып отыр.
Баспасөз мәслихатында күрделі отадан өткен пациент Темірлан Мырзағали, оның донор ағасы Мейірлан Мырзағали, сондай-ақ пациенттің ата-анасы мен ота жасауға қатысқан дәрігерлер бас қосады.