Еске салайық, биыл 21 маусымда Астананың халықаралық әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген болатын. Бұл бастаманы сонау 2008 жылы қазіргі сенатор Дархан Қалетаев ұсынған еді. Алайда, ол кезде түрлі себептермен қолдау таппаған идея биыл қайта көтеріліп, Парламент депутаттарынан қолдау тапты.
Артынша "Россия-24" телеарнасына сұхбат берген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз есімін әуежайға беру бастамасын өз идеясы емес екенін айтты.