Астанадағы автовокзал үш тілде қызмет көрсетуде - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы автовокзал үш тілде қызмет көрсетуде

Астанадағы автовокзал үш тілде қызмет көрсетуде

Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу аясында қалалық автовокзалда анықтамалық - ақпараттық ресепшн ашылды, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа-орталық тілшісіне «Сапаржай-Астана» ЖШС директорының орынбасары Жарқын Бекжанов. 

  • 24 Шiлде 2017
  • 198
Фото - Caravan.kz

Жаз басталғалы жолаушылар ақпаратты үш тілде — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ала алады.

Өзгеріс тек жолаушылар қызметінде ғана орын алған жоқ.

Биыл автовокзал қайта жөндеуден өткізілуде. Күту залында еден жабындысы ауыстырылып, сыртқы келбеті жартылай өзгертілді. Жұмыс толығымен екінші жарты жылдықта аяқталады. Қазіргі таңда кәріз жүйесін жөндеу жұмыстары аяқталуда.

Барлық құрылыс жұмыстары жолаушылар кешенінің жұмысына еш кедергі келтірген жоқ.


 — Қазір жолаушылардың жайлылығы үшін автовокзал аумағында ана мен бала бөлмесі, асхана, кафетерий, дүңгіршектер мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дәретхана бар, — деп хабарлады Ж.Бекжанов.