Қазіргі кезде бақта цитрус жемістерінен апельсин мен Kumquat және банан отырғызылған.
«Біз бұл жемістердің көшетін әртүрлі елдің ботаникалық саябақтарынан әкелдік. Оның алдында сары жеміс біздің оранжереяға бірінші рет отырғызылды. Қазіргі кезде апельсин, банан және kumquat бар. Астанадағы ботаникалық саябақта заманауи автоматизациялық жүйе орнатылған. Сондықтан барлық жүйе автоматтандырылған: суару жүйесі, климаттық режимді құру жүйесі. Осының арқасында өсімдіктер жақсы өсіп, тіпті жемісін бере бастады. Бұл шынымен де біз үшін маңызды. Банан ағашы – Астанада алғаш рет отырғызылды. Оранжереяда жарты жылға уақыт бейімдеу процесінен өткіздік. Банан өсіру үшін барлық климаттық жағдайды жасадық», – дейді Гүлнәр Ситпаева.
Айта кетейік, Астанадағы ботаникалық саябақтың аумағы 92 гектарды құрайды.
Өткен жылы ашылған болатын. Қазіргі таңда бақта 2 жылыжай бар.
Олардың бірінде тропикалық өсімдіктер, екіншісінде шөлейтті өсімдіктер өсіріледі.
Тропикалық және субтропикалық өсімдіктердің жылыжай кешенінде бүгінгі таңда 70-тен астам түрі бар.
Сондай-ақ мұндағы ағаштардың жалпы саны 95 мыңды құрайды.
Бүгінге дейін саябақта 2 жылыжай, 45 мың шаршы метр алаңды құрайтын жасанды су қоймасы, жаяу жүргіншілер көпірі, велосипед және жүгіру жолдары салынған.