Астанадағы ДИЭФ шеңберінде ИДБ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы ДИЭФ шеңберінде ИДБ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады

Астанадағы ДИЭФ шеңберінде ИДБ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады

Астанадағы дүниежүзілік исламдық экономикалық форумның (ДИЭФ) шеңберінде Ислам даму банкімен (ИДБ) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады, деп мәлім етті индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (ИЖТМ) инвестициялар жөніндегі комитетінің басшысы Асылхан Серіков.

  • 6 Маусым 2011
  • 383
Фото - Caravan.kz

«ДИЭФ шеңберінде ИДБ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады. Меморандумда (…) ислам банкінің Қазақстандағы қызметінің перспективасы көрініс табады», — деп мәлім етті ИЖТМ инвестициялар жөніндегі комитетінің басшысы дүйсенбі күні баспасөз мәслихатында.

«Меморандум шеңберінде ИДБ денсаулық сақтау, энергетика, өндіріс салаларында маңызды жобаларды қаржыландырып, Қазақстанда исламдық банкингке қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, біз БАӘ-мен қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға қол қоямыз», — деді ол.

Сондай-ақ, оның ақпараты бойынша, ДИЭФ аясындағы инвестициялық жобалардың көрмесіне туризм, ауыл шаруашылығы, металлургия, химия өнеркәсібі және ҚР экономикасының басқа да салаларындағы 120 жоба ұсынылып отыр.

«Форумның алғашқы күні осы көрме жұмысын бастайды, ал бірінші сессияның шеңберінде жастар мен іскер әйелдер өз жобаларын таныстырады», — деді ол.

ДИЭФ – ИКҰ-ға мүше-мемлекеттердің жыл сайынғы негізгі экономикалық саммиті, былайша айтқанда «Исламдық Давос». Алғаш рет 2005 жылы Куала-Лумпурда (Малайзия) өтті. ИКҰ-ның бизнес-форумын оның ізашары деп атайды, оның бірінші отырысы 2003 жылдың қазанында өткен. ДИЭФ-тың басты мақсаты – мұсылман елдерінің экономикалық және геосаяси дамуы, олардың әлемдік экономикадағы ролі туралы пікірталас құру, жаңа нарықтарды құру перспективалары, ИКҰ-ға мүше-елдердің экономикаларына ірі шетелдік инвесторлардың капиталын тартуға қолдау көрсету. ДИЭФ-тың жұмыс органы жылына екі рет отырыс өткізетін хатшылық болып табылады. Хатшылықтың штаб-пәтері Куала-Лумпурда (Малайзия) орналасқан.

Соңғы жаңалықтар