Астанадағы ЭКСПО-ның бірінші жүлдесі Қытай сәулетшісіне берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы ЭКСПО-ның бірінші жүлдесі Қытай сәулетшісіне берілді

Астанадағы ЭКСПО-ның бірінші жүлдесі Қытай сәулетшісіне берілді

Бейжіңде G-GLOBAL халықаралық хатшылығының (Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған платформа) тұрақты хатшысы Сергей Якушевич Астанадағы EXPO-2017-нің бірінші жүлдесін тапсырды.

  • 4 Желтоқсан 2017
  • 145
Фото - Caravan.kz

Жүлде қытай сәулетшісі Шу Юнға «Жібек жолының алтын көпірі» скульптурасы үшін берілді, деп жазады Казинформ  Синьхуа-ға сілтеме жасап. 

Ашық көк түсті фарфордағы «Жібек жолының алтын көпірі» скульптурасының нұсқасы «Белдеу және жол» бастамасының көркемдік тұжырымдамасы және Астанада өткен 2017 жылғы дүниежүзілік көрменің бірегей жәдігері атанды.

Қытайдың өнер қайраткері Шу Юн жібектен «Белдеу және жол» бойында орналасқан елдердің ұлттық гүлдерін жасап, жасанды кәріптастан салынған кірпіштерге орналастырған. Кейін оны Чжаочжоудағы танымал Қытай көпірінің үлгісі бойынша «Жібек жолының алтын көпірін» құрастырған.

 

Көпірдің ұзындығы 28 метр. Мүсін Қытайдың «Белдеу және жол» бастамасын әртүрлі елдермен ортақтасып іске асыруға және бір тағдыр, ортақ мүдделер мен жалпы жауапкершілікке ие жаһандық қауымдастықты құруға ниетті екендігін білдіреді.


Сергей Якушевич Шу Юнға арнайы марапатты табыстай отырып, «Жібек жолының алтын көпірі» скульптурасының әлемдік даму үшін «Белдеу және жол» бастамасының оңтайлы мағынасын бейнелеп, тағдыры бір қоғамдастықтың керемет тұжырымдамасын көрсете білгенін атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар