Астанадағы ЕХРО-2017 аумағы 113 гектарды құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы ЕХРО-2017 аумағы 113 гектарды құрайды

Астанадағы ЕХРО-2017 аумағы 113 гектарды құрайды

Парижде Халықаралық EXPO көрме бюросы Бас Ассамблеясының 152- сессиясы аясында Қазақстанның елордасы Астана Халықаралық EXPO-2017 көрмесін өткізетін орын ретінде таңдалып алынды, деп хабарлады ҚР Үкіметі басшысының сайты.

  • 23 Қараша 2012
  • 335
Фото - Caravan.kz

161 мемлекет жасырын дауыс беру жолымен EXPO-2017 өткізілетін қаланы анықтады. Астана үшін ХКБ қатысушы 103 ел дауыс берді. Бельгияның Льеж қаласына 44 дауыс берілді.

Қазақстанның астанасы Орталық-Азия өңірі мен ТМД елдері бойынша Халықаралық ЕХРО-2017 көрмесі өтетін бірінші қала болады.

EXPO-2017 өткізу құқығына Астана мен Льеж үміткер болған. Бельгия «Адамдарды біріктіру» тақырыбын ұсынды. Қазақстан елордасының өтінімі «Болашақтың энергиясы» деп аталып, энергияның баламалы көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.

Көрме 2017 жылы жазда үш ай бойы өтетін болады. Астанаға келушілер саны 5 млн дейін жетеді деп күтілуде.
EXPO-2017 көрмесіне елорданың оңтүстік-шығыс бөлігінен, Шәмші Қалдаяқов көшесі мен К-1 айналма автокөлік жолының қиылысындағы гольф-клуб маңынан жер бөлінген. Жер телімінің жалпы ауданы 113 гектар, оның 25 гектары — кешеннің өзі, ал қалған бөлігі автотұраққа, сыртқы құрылғыларға және EXPO-2017 қалашығына арналған.