«ЭКСПО халықаралық көрмесі кезінде Астана қаласының хостелдері 22 мыңға жуық қонақты қабылдады. Меймандардың көпшілігі хостелдерді қолжетімді бағасы, орналасқан жері мен көрсеткен қызметіне байланысты таңдады. Көрмеге дайындық барысында елордада 95 хостел жұмыс істеген болатын. Олар 4500 жатын орынға есептелген еді», — деді М.Әлмағамбетов.
Оның айтуынша, көрмеге келген меймандарға ыңғайлы болу үшін Астана әкімдігінің брондау бөлімінің колл орталығы жұмыс істеген. Көрменің аяқталуына орай ол орталық та жұмысын тоқтатты.
«Колл орталықтың көмегімен мыңға жуық қонақ хостелдерден орынды алдын ала брондады. Енді брондау бөлімінің колл орталығы жұмысын тоқтатады. Бірақ туристер мен қонақтардың кез келген сұрақтарына жауап беруге дайынбыз», — деді «Астана конвеншн бюро» ЖШС бас менеджері Марат Әлмағанбетов.