Астанадағы көлік жарылысы кезінде қаза болған бір азаматтың аты-жөні анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы көлік жарылысы кезінде қаза болған бір азаматтың аты-жөні анықталды

Астанадағы көлік жарылысы кезінде қаза болған бір азаматтың аты-жөні анықталды

«Қазақстан Темір Жолы ҰК» АҚ өндірістік ғимараттарының қасында автокөлік жарылысы кезінде қаза болған азаматтың аты-жөнін анықтады, деп мәлім етті ҚР ІІМ криминалдық полициясының төрағасы Жанат Сүлейменов.

  • 27 Мамыр 2011
  • 583
Фото - Caravan.kz

«Такси жүргізушісі болған бірінші адамның (қаза болған – ҚазТАГ) аты-жөні анықталды. Бұл – Екібастұз тұрғыны Кельплер», — деді ол жұма күні журналистерге.

«Қазір іздестіру-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Әзірге екінші адамның кім екені анықталған жоқ», — деді криминалдық полицияның басшысы.

Бұған дейін хабарланғандай, Астанада 24 мамыр күні таңғы сағат 4-те ҰҚК тергеу оқшаулағышы мен «ҚТЖ» ҰК қасында автокөлік жарылып, 2 адам қаза болды.

Тергеу барысында анықталғандай, «Ауди-100» (мемлекеттік номері S 103 ТЕМ) көлігі жарылған, түсі қызыл, 1991 жылы шығарылған. Оқиға орнынан Екібастұзда тұратын 48 жастағы Дмитрий Кельплер мен 26 жастағы Иван Черемухиннің төлқұжаттары табылды. Кейін И. Черемухиннің тірі екені, ол құжаттарын адам тасымалдаумен айналысқан жүргізушіге кепілдікке қалдырып кеткені анықталды.

Алдын ала болжамға сәйкес, адамдардың қазасына жарақаттаушы бөліктері жоқ (бұрандалар, шегелер және т.б.) қабықсыз жарылғыш заттың өздігінен жарылуы себеп болған.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, жарылыс-техникалық сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар