Астанадағы колонияда қамауда отырғандарға банк карточкаларын пайдалану құқығы берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы колонияда қамауда отырғандарға банк карточкаларын пайдалану құқығы берілді

Астанадағы колонияда қамауда отырғандарға банк карточкаларын пайдалану құқығы берілді

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) Астана қаласы бойынша департаментінің ЕЦ-166/10 мекемесінде пилоттық жоба аясында сотталғандардың банк карточкаларын пайдалануы енгізілді, деп хабарлайды ҚАЖК баспасөз қызметі.

  • 14 Маусым 2011
  • 464
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгендей, қамауда отырғандарға мұндай құқық берудің бірнеше артықшылығы бар.

Атап айтқанда, есептік есепшотты (банк карточкасын) кез-келген сотталған өз еркі бойынша банкпен жасалған келісімнің негізінде аша алады, оның есепшотына ақшаны туған-туыстары салып отырады.

Сондай-ақ, сотталғандар банк карточкасының көмегімен түзету мекемесінің дүкенінен азық-түлік пен басқа да тауарлар сатып ала алады.

«Енді сотталушы өзінің жеке карточкасымен есеп айырысатын болады. Осылайша, ол өз ақшасын өз қалауынша жұмсайды», — делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Барлық төлем операциялары түзету мекемесі арқылы жүргізіледі.

Пилоттық жобаға БТА банк қатысып отыр.

ҚАЖК мәліметтеріне сәйкес, қазірдің өзінде 300 адам банктің қызметін пайдаланды.

«Алдағы уақытта сотталғандардың банк карточкаларын пайдалануды заң жүзінде бекіту Қазақстанның пенитенциарлық жүйесін халықаралық стандарттарға жақындата түседі», — делінген ҚАЖК хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар