Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде жеделсаты үзілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде жеделсаты үзілді

Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде жеделсаты үзілді

Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде оқыс оқиға орын алды. Куәгерлердің айтуынша, кеше кешкі сағат жеті жарым шамасында «Северное сияние» атымен белгілі ғимарат ішінде жеделсаты үзілді. Лифттің ішінде сол мезетте 8 адам болған. Қатты соққыдан үшеуі жарақат алды.

  • 22 Шiлде 2011
  • 510
Фото - Caravan.kz

Елорданың орталығында орналасқан бұл тұрғын үй қаладағы ең биік ғимараттардың бірі болып саналады. 37 қабатқа тұрақты қызмет көрсету үшін бірнеше жеделсаты орнатылған. Қондырғылардың бірі кенеттен үлкен жылдамдықпен төменге қарай құлай бастады. Абырой болғанда, ол шахта түбіне дейін жетіп үлгірмеді. Бірінші қабат деңгейінде жеделсаты тоқтады. Ішінде болған адамдар қатты шошыған көрінеді. Бірқатарына оқиға орнында жедел дәрігерлік жәрдем көрсетуге тура келді. Екі әйел сынық жарақатын алды. Ал үш жасар қыз табан сүйегін ауыртып алыпты. Қазір ақауы бар жеделсатының жұмысы мүлдем тоқтатылды.


Кенжегүл Тергембаева, Астана қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бас маманы:

-Біздің Төтенше жағдайлар департаментінен шұғыл топ құрылып оқиға орнына жіберілді. Онда алғашқы қарау барысында лифтің электронды тежегішінің істен шыққаны анықталды. Жаңағы тұрғын үй кешеніндегі лифтке «Қазинтерлифт» ЖШС қызмет көрсетеді. Осы төтенше оқиға бойынша қазіргі кезде тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар